Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды - ҚазАвтоЖол

Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
19.11.2023 12:15
735
Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын пайдаланды.
Естеріңізге сала кетейік, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыстанды.
Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ІВА басшысы ХОК төрағасына үндеу жасады
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды