Жаңалықтар

Көлік полицейлері такси жүргізушілерін жауапқа тартты

Көлік полицейлері такси жүргізушілерін жауапқа тартты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 12.12.2023 16:30 838

Жыл басынан бері көлік полицейлері 665 заңсыз такси жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік полицейлері түрлі құқық бұзушылықтарды анықтау, заңсыз такси қызметін жою үшін еліміздің әуежайлары мен теміржол вокзалдарында рейдтер мен алдын алу іс-шараларын ұдайы жүргізіп келеді. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, департамент қызметкерлері осы жылдың басынан бері қоғамдық орындарда тиіскені үшін 2437 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 665-і заңсыз такси жүргізушісі, оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 449-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни, қоғамдық орындарда азаматтардың мазасын алып жеке такси қызметін ұсынғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жергілікті уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жүзеге асырған, яғни, жеке тасымалдаумен айналысқан шетелдік азамат анықталды. Мәселен Алматы қаласы әуежайындағы ЖПб қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Тәжікстан Республикасының 22 жастағы азаматын анықтады, ол тиісті рұқсатынсыз жолаушыларды жеке тасымалдаумен (такси) айналысқан.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу) және ҚР ӘҚБтК-нің 517- бабының 5 бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша екі әкімшілік материал толтырылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға