Жаңалықтар

«Көлік не пәтер берілген жоқ». Нариман Курбанов сыйлыққа қатысты пікір білдірді

«Көлік не пәтер берілген жоқ». Нариман Курбанов сыйлыққа қатысты пікір білдірді
Фото: ҚР ҰОК/ Сали Сабиров 14.08.2024 17:52 16007

Әлеуметтік желіде олимпиада жүлдегерлеріне берілген сыйлықтар қызу талқыланып жатыр. Жанкүйерлер үздіктер қатарынан көрінген спортшылардың бәріне бірдей сыйлық берілмегеніне наразы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көпшілік спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер атанған Нариман Курбановқа көлік пен пәтер сыйға берілмегенін жазуда. Бұған қатысты Нариманның өзі пікір білдірген.

Әлеуметтік желіде пікірлерді оқып жүрмін, көпшілік мені бөліп-жарды, көлік не пәтер берілмеді деп жазып жатыр екен. Әрине, ең алдымен осылай қолдап-қолпаштап жатқан жанкүйерлерге алғыс айтамын. Бірақ уақыт келгенде керек нәрсенің бәрін алатынымды білемін.

Ал одан көбірек дүние қажет болса, еңбектеніп табамын. Бір айтарым, қазір өмірімде болып жатқан дүниенің бәрі мені бақытты адам етеді, - деді Нариман.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға