Жаңалықтар

Көлік министрлігі үш әуе компаниясы мен төрт ұшқышқа айыппұл салды

Көлік министрлігі үш әуе компаниясы мен төрт ұшқышқа айыппұл салды
Фото: ©Pixabay.com 08.08.2024 18:04 377

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын жоспардан тыс тексеруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мынадай талаптарын бұзушылықтар анықталды:

— командир әуе кемеде ұшқыштың қолданыстағы куәлігінсіз ұшуды жүзеге асырды (4 факт тіркелді) және әуе қозғалысына қызмет көрсету органына хабарламаған;

— ұшу құжаттамасының болмауы;

— әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген фактілер тіркелді.

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Тамыз айында 6 пайдаланушыны тексеру жоспарланған.

Сондай-ақ шілде айында 10 авиакомпанияны іріктеп тексеру жүргізілді. Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға