Жаңалықтар

Көлік министрі Үшарал әуежайында жаңа терминал салынатынын айтты

Көлік министрі Үшарал әуежайында жаңа терминал салынатынын айтты
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 17.11.2024 12:47 513

Көлік министрі Марат Қарабаевтың Жетісу өңірі тұрғындарымен кездесуінде Үшаралда салынатын әуежайдың терминалы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылыстың екі нұсқасы қарастырылып отыр. Оның біріншісі - ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөле отырып, қолданыстағы терминалдың жанынан шағын терминал салу, екіншісі – бірден үлкен терминал салу. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін талдап, әзірленіп жатыр. 

Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Сарыөзек-Көктал» жолының 45-68-ші шақырымдары арасында күрделі жөндеу, ал 68-110 шақырымдары арасында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 0-ден 45-ші шақырымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісінше, жол толығымен ретке келтіріледі. Жалпы ұзындығы 762 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолын қайта жаңғырту жұмыстары да 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.

Өңір тұрғындарымен еркін форматта өткен кездесуде ведомство басшысы министрліктің құзыретіне кіретін және осы өңірге қатысты сұрақтарға барынша ашық жауап берді. Халықпен кездесуден кейін министрдің жеке қабылдауына 6 тұрғын жазылды. Қазақстандықтардың сұрақтары авиабилеттерді қайтару, халықаралық жүк тасымалдарының жүргізушілеріне виза беру және т.б. мәселелерге қатысты болды. Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға