Жаңалықтар

Көлік министрі Ақтөбедегі автожолдардың жай-күйін тексерді

Көлік министрі Ақтөбедегі автожолдардың жай-күйін тексерді
Фото: gov.kz 22.10.2023 11:03 663

Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аясында Көлік министрі Марат Қарабаев жергілікті автожолдардың жай-күйін бағамдап, өңірдегі жол инфрақұрылымы нысандарының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы 2024 жылы аяқталады деп жоспарланып отырған "Ақтөбе-Қандыағаш" (11-100 км) және "Қандыағаш-Мақат" (100-160 км, 330-504 км) жол учаскелерін реконструкциялау мәселелері бойынша бірнеше жиын өткізді.

Сондай-ақ аталған жол учаскелерінде көпірлер мен автомобиль және темір жол өткелдерін салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Министрлік басшысы өткізген жиында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, Автомобиль жолдары комитеті және мердігер ұйымдардың өкілдері баяндама жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға