Жаңалықтар

Көлік басқару құқығынан айырылса да, рөлге қайта отырған шымкенттік қамауға алынды

Көлік басқару құқығынан айырылса да, рөлге қайта отырған шымкенттік қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 14.09.2023 11:23 579

Көлік басқару құқығынан айырылса да, тізгіннен түспейтін шымкенттік қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел басқару орталығының бақылаушы инспекторлары Қорғау қосымшасының көмегімен кезекті заң бұзушыны анықтады. Автоматты жүйе Ақпан батыр көшесінде көлік басқару құқығынан айырылған азамат Ravon R3 автокөлігін тізгіндеп бара жатқанын жеткізді.

Инспекторлар “қауіпті жүргізушіні” тоқтату үшін патрульдік полиция полкінің автоэкипажына шұғыл бағыт-бағдар берді. Нәтижесінде тәртіп бұзушыны Ақпан батыр- Жібек жолы көшелерінің қиылысында тоқтату мүмкін болды.

Ер адамның құжаттарын тексеру барысында наурыз айында мас күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк басқаруы) бойынша хаттама толтырылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Темір тұлпар бірден айып тұрағына жеткізілді.

Айта кетейік Шымкентте жыл басынан бері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” қосымшасының көмегімен көлік басқару құқығынан айырылған 90 тұлға жауапқа тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға