Жаңалықтар

Көлігіне итті байлап сүйреген тұрғын анықталды

Көлігіне итті байлап сүйреген тұрғын анықталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 23.05.2023 09:53 977

Әлеуметтік желіде белгісіз адамның Шымкент көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқанының бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болған оқиғаның анық-қанығын білуге полиция кірісіп, жүргізушінің жеке басы анықталды. 

ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары «Қорғау» қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды, – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Ал өзінің бұл әрекетін көлікте итке орын болмағандығымен түсіндіреді. 

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға