Жаңалықтар

Көкжөтелді қалай емдеу керек

Көкжөтелді қалай емдеу керек
Фото: © Pixabay.com 28.01.2024 01:27 4845

Көкжөтел – ауыз қуысында, мұрында және көмейде өмір сүретін Bordetella pertussis бактериясы тудыратын тыныс алу жолдарының өте жұқпалы ауруы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкжөтел вирусын негізінен балалар көп жұқтырады. Көкжөтелдің қоздырғышы ауа арқылы таралады, ол науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауаға енеді. Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті. Көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жоқ.  

Балаларды және барлық ересектерді көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – ерте балалық шақтан басталып, 60 жасқа дейін жалғасатын вакцинация. Алғашқы вакцинация 2, 3, 4 және 18 айларда басталады. Әрі қарай, егу 6, 16 жаста және әр 10 жылда ересектерде жүргізіледі. Бұл ретте дифтерияға, көкжөтелге және сіреспеге қарсы иммунитетті дамытуға мүмкіндік беретін аралас вакцина қолданылады.

Көп жылдық тәжірибе егу жиілігі мен егу аралықтарын сақтау қажеттілігін растайды. Егер осы шарттар сақталса, ағзаның көкжөтел ауруына жеткілікті берік иммунитеті пайда болады.

Құрметті ата-аналар, балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Балаңызға екпені уақтылы алуға және еліміздің дені сау азаматы болып өсуге көмектесіңіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға