Көктемгі су тасқынына жолдар қаншалықты дайын? «ҚазАвтоЖол» өкілі жауап берді
Су тасқыны кезінде жолдарды су шайып кететіні белгілі. Биылғы дайындық қалай екенін БАҚ өкілдері Үкіметтің баспасөз брифингінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашевтен сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған мәселе бойынша ведемство басшысы былтыр көктемгі су тасқыны кезінде 178 жол пайда болғанын, осыған қатысты былтыр аталған жолдарға орташа және күрделі жөндеу нәтижесінде 2400 құбыр ауыстырылғанын жеткізді.
Әрине, бұл жерлердің барлығын білеміз. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге толыққанды жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде ең қауіпті өңірлер – Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары. Бұған қатысты толық жұмыс атқарып жатырмыз. Біздің құзыретіміздегі құбырларды тазалау, қосымша арықтарды салу, қапшықтарды дайындау жұмыстары жалғасып жатыр, – деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев.