Жаңалықтар

Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады

Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.04.2024 12:50 492

Көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы егіншілік уақытында жүргізу бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мiндеттi орындау үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң ұзақ уақыт бойы шектелген қарыз қаражатына қол жеткiзуi тиiс, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіруге 2024 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 140 миллиард теңге, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы 40 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді.

Осы қаражатты ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландырудағы тапшылық шамамен 1,3 триллион теңгені құрайды.

Дегенмен, Қазақстан Республикасының Үкіметі егіс науқанын қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат бөлу арқылы қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады.

Осы мақсаттарға Үкімет резервінен 60 млрд теңге бөлініп, ол қарыз несиелерінің құнын төмендетуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелеріне кепілдік беруге бағытталады.

Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына егіс жұмыстарын жүргізу үшін жылдық бірден 5% несие қаражатын беруге және жеткілікті кепілдік болмаған жағдайда несие сомасының 85% дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді.

Ереже жобасы бүгін жергілікті атқарушы органдар мен Орталық мемлекеттік басқару органдарына келісу үшін жіберіледі.

Сондай-ақ бүгінде азық-түлік корпорациясын қосымша қаржыландыру үшін «Азық-түлік корпорациясы» 200 мың тонна астықты тауарлық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға