Жаңалықтар

Көктемде иммунитетті күшейтудің оңай жолы қандай?

Көктемде иммунитетті күшейтудің оңай жолы қандай?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 01.03.2024 13:17 2901

Көктемде адамның тәбеті тартпай, әлсіреп, бойын мазасыздық билейді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер ол иммунитеттің түсуінен дейді. Оған жол бермес үшін, мына қарапайым белгілерге мән бергеніңіз абзал:

Стресстен аулақ болыңыз

Стресс иммунитеттің төмендеуіне және аурулардың дамуына айтарлықтай ықпал етеді.

Ұйқы және демалу режимін сақтаңыз

Ұйқы қанбау режимнің болмауы және артық күш жұмсау организмді әлсіздендіреді және қорғансыз күйге түсіреді.

Көбірек дәрумен қабылдаңыз

Рациондағы әртүрлілік және көкністер мен жемістерді көп мөлшерде пайдалану денсаулықты нығайтуға және ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Серуендеу және жаттығу

Күн сайын отыз минут дене шынықтыру немесе таза ауада серуендеу инфекцияларға төзімділікті арттырады және тонусты көтереді.

Су ішіңіз

Су метаболизм процестерін жақсартады және зиянды заттарды шығарып, пайдалы заттары сіңіруге көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға