Көктайғақ, жаңбыр - 10 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
10.10.2023 08:20
717
Қазгидромет синоптиктері Қазақстан аймақтарында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Казақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша екпінді жел, ҚР батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтілуде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті