Жаңалықтар

Көкшетаулық студенттер жасөспірімді қорқытып, микрокредит алғызған

Көкшетаулық студенттер жасөспірімді қорқытып, микрокредит алғызған
Фото: ©El.kz 12.04.2025 17:33 233

Көкшетауда үш студент колледжде оқитын жасөспірімнен ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, олар 2006 жылы туған бозбаланы қорқытып, оның атына 175 мың теңгеге микрозайм ресімдеуге мәжбүрлеген, кейін алынған ақшаны өздеріне беруді талап еткен.

Күдіктілердің жасы 19 бен 20 аралығында, барлығы да – студенттер. Жергілікті полиция департаменті олардың жәбірленушімен әртүрлі оқу орындарында оқитынын нақтылады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және күдіктілердің басқа да құрбандары болған-болмағанын тексеруде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға