Жаңалықтар

Көкшетаудың 200 жылдығына 150-ден астам іс-шара жоспарланып отыр

Көкшетаудың 200 жылдығына 150-ден астам іс-шара жоспарланып отыр
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 06.12.2023 21:48 1030

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс орталығының 200 жылдық мерейтойын мерекелеу жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көкшетау қаласының мерейтойын атап өтуге дайындалу барысында біз қажетті инфрақұрылымды құру бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз. Осы мерейтой іс-шарасының шеңберінде әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық салаларда бірқатар объектілерді ашу жоспарлануда. Олардың арасында 3 мектеп, 3 балабақша, 2 саябақ және 18 гүлзар бар, - деді аймақ басшысы.

Іс-шаралардың тақырыптық жоспарында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейлерді қамтитын 150-ден астам жоба мен оқиғалар қамтылған. Әр айда кезеңнің тақырыптық бағытын көрсететін іс-шаралар өткізуді көздейтін мерекелеу тұжырымдамасы әзірленеді.

Сондай-ақ, лазерлік проекция, интерактивті жарық топтамалары, көше жиһазы, қоғамдық алаңдар, муралдар, стрит-арт, МАФтар, инсталляциялар және т.б. сияқты элементтер пайдаланылатын қаланың бірыңғай көрнекі-көзкөрімді безендірілуін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, біз су тазарту және кәріз тазарту құрылыстарын реконструкциялау және салу сияқты стратегиялық жобаларды іске асыруды бастауды, жол инфрақұрылымын жақсарту, жаңа мектептер салу және т.б. жоспарлап отырмыз Осы өзгерістердің барлығы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, - деп қорытындылады М.Ахметжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға