Жаңалықтар

Көкшетаудағы жүкті әйелдің өлімі туралы тың дерек шықты

Көкшетаудағы жүкті әйелдің өлімі туралы тың дерек шықты
Фото: © iStock 26.12.2023 13:40 1190

Көкшетауда жүкті әйел қазасы жайлы тағы бір тың дерек пайда болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм әйел 23 желтоқсан күні таңғы сағат 04.16-да жедел жәрдем көлігімен клиникалық өлім жағдайында перзентханаға жеткізілген. Жедел жәрдем көлігінде реанимациялық шаралар жасалған, сонымен қатар, стационарға келгеннен кейін де бұл процесс жалғасқанымен нәтижесі оң болмады. Таңғы сағат 05.02-де биологиялық өлім тіркелген. Әйелге алдын ала ауыр деңгейдегі ЖРВИ және өкпе артериясы эмболиясы диагнозы қойылған. 

Белгілі болғандай, жүкті әйел дене қызуы көтерілгеніне, катаральды белгілерге және бел ауруына шағымданып,жедел жәрдем көлігімен қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілген. Онда жүкті әйелге медициналық көмек көрсетілген, бірақ ол Көкшетау көпбейінді қалалық ауруханада жатқызуға көнбеген.

Аталған факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға