Көкшетаудағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
12.05.2023 14:30
941
Көкшетауда тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінің балконында газ плитасын жағу кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға облыс орталығындағы Наурызбай батыр көшесі 130 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде орын алған.
Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің екіншісі қабатындағы балконда газ-ауа қоспасының жарылғанын анықтады. Шақырту орнына ТЖД жеке құрамынан 18 адам және арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Зардап шеккендер жоқ, - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Максим Шатковский.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды