Жаңалықтар

Көкшетауда жол ережесін 24 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Көкшетауда жол ережесін 24 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті 16.03.2024 10:05 807

Көкшетау полицейлері жол қозғалысы ережесін 24 рет бұзған және айыппұл төлемеген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде «Nissan Primera» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталған. Автокөлік бірден айыптұрағына қойылды.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұдан өзге «Nissan Primera» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 9 наурызға қараған түні Осипенко көшесінде жол-көлік оқиғасы кезінде үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен екен.  

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға