Жаңалықтар

Көкшетауда жігіт төлем терминалынан ақша ұрламақ болған

Аталаған фактіге сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Көкшетауда жігіт төлем терминалынан ақша ұрламақ болған
Фото: polisia.kz 20.10.2022 21:21 1250

Ақмола облысында жігіт төлем терминалынан ақша ұрламақ болған, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 қыркүйекте Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыстық орталықтың 37 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол дүкендердің бірінің жанында орналасқан төлем терминалына зақым келтірген белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінді.

Жәбірленуші залал сомасын 60 мың теңгеге бағалады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Степногорск қаласының 21 жастағы тұрғыны, оқу орындарының бірінің студенті болып шықты. Қараңғы уақытта ол бұрауышты пайдаланып, терминалды ашып, ақша ұрламақ болған. Алайда қолынан келмеді. Жас жігіттің айтуынша, ол қаржылық қиындықтарға тап болған. Осылайша мәселесін шешуге тырысқан.

Осы фактіге сәйкес ҚК-нің 24-бабы 3-188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға