Көкшетауда жасөспірім қыз 12-қабаттан секірмек болған

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
09.05.2023 20:11
850
Көкшетаулық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, қоңырау 9 мамыр күні сағат 16:10 шамасында ЖБО-ға келіп түскен. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесіне секірмек болып көтерілген.
12-қабатқа жеткен тәртіп сақшылары дереу шатырға көтеріліп, қыз балаға төмен түсуге көмектесті. Қазір полиция қызметкерлері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды осындай шарасыз қадамға баруға не итермелегенін анықтап жатыр, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті