Көкшетауда тұрғын үй өртеніп, газ баллоны жарылуға шақ қалды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
14.03.2024 02:05
917
Көкшетауда аумағы 180 шаршы метрлік жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға Красный яр ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт туралы хабар аласымен ТЖД 15 құтқарушысы мен 3 техникасы оқиға орнына дереу жетті.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылдардың арқасында өрт шыққан үйден 3 тұрмыстық газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Қызыл жалын толығымен жойылды.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз:
- Өскеменде жеке үйдегі гараж бен көлік өртенді
- Атбасарда өрт орнынан 4 тұрмыстық газ баллоны шығарылды
Бөлісу:
