Көкшетауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
13.07.2023 18:16
1166
Көкшетау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар екінші күн қатарынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіріп жатыр.
Тілсіз жау 3 га аумақты шарпыған. Өртке қарсы іс - қимылды үйлестіру үшін жедел штаб ұйымдастырылды, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
- Елена Рыбакина: Енді АҚШ-тағы турнирлерге дайындалуым керек
- Паралимпиада чемпионы 51 жасында ЖОО дипломын алды
Бүгінгі таңда өртті сөндіруге Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, атап айтқанда, 35 адам және алты техника, сондай-ақ әкімдіктің 30 қызметкері мен 22 көлік жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды