Жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының басшысы Telegram арқылы жарнама таратқан

Көкшетауда қаржы пирамидасының басшысы Telegram арқылы жарнама таратқан
Фото: ©El.kz/Нұркен АЛИШЕВ 30.01.2024 22:00 692

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Telegram мессенджері арқылы жарнама таратқан, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің Ақмола облыстық департаменті аса ірі мөлшерде ақша тарту мен қаржы пирамидасын жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.   

Көкшетау қаласындағы «Chia Tai Tianging» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесі басшысының инвесторларды тартқаны, сол арқылы жаңа салымшыларға тұрақты негізде ешқандай тәуекелсіз, кепілді кірісті уәде еткені, ол үшін заңсыз пайда тапқаны анықталды.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қаржы пирамидасының айналымына азаматтардың жалпы сомасы 291 млн теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға