Көкшетауда психотроптық зат сатпақ болған елорда тұрғыны ұсталды

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
12.07.2023 12:23
1064
Көкшетауда есірткі құралдарын тікелей байланыссыз тәсілмен тарату үшін Көкшетау қаласына арнайы келген 23 жастағы Астана тұрғынын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон психотроптық заты бар 17 түйіншекті тәркіледі. Сонымен қатар ұсталған адам жедел қызметкерлерге есірткіні құпия орындарға жасырып үлгерген жерлерді көрсетті.
Оқи отырыңыз:
- Мусин интернеттің сапасы туралы: Мегабайттың көбісі видео қарауға кетіп жатыр
- Назарбаевтың сыныптасы, Байбектің әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Нәтижесінде жігіттен салмағы 20 граммнан асатын 20 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді.
ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдікті Көкшетау қаласындағы УҰИ-ға қамалды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті