Жаңалықтар

Көкшетауда некесін қиған күні 22 жастағы жігітті жауыздықпен өлтіріп кетті

Көкшетауда некесін қиған күні 22 жастағы жігітті жауыздықпен өлтіріп кетті
Фото: видеодан алынған кадр 13.11.2024 11:00 1765

Көкшетауда көңіл көтеру орындарының бірінде 22 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға жігіттің неке қию күні орын алған. Ақмола облысының полиция департаменті күдікті ұслтағанын мәлімдеді.

12 қараша күні Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі тіркелді. Осыған байланысты полицейлер ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар төбелеске қатысқан барлық адамдар анықталып, ұсталды. Алты адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы, 2-бөлімі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ПД өкілі аталған фактілер бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізілетініне сендірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға