Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді

Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
08.08.2023 13:16
743
Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні сағат 02:25 шамасында "Көкшетау нан зауыты" ЖШС-нің аумағындағы қоймадан шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Павлодарда ұрлықшы үйді тонап, балаға зорлық көрсеткен
- Берік Әбдіғали Жезқазғанның экологиясы нашар екенін дәлелдеу үшін 400 млн жұмсамақ
Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Сағат 03:00 өрт ауыздықталып, 04:53 толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 13 өрт сөндіру техникасы тартылды, - деді ведомстводан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде 10 жыл ішінде үй кезегінде тұрғандар саны 6 есе өсті
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы