Көкшетауда мүгедек балаларға бөлінген қаражат ұрланған

Фото: El.kz/Нүркен Алишев
Фото: El.kz/Нүркен Алишев
04.12.2024 17:35
727
Ақмола облысының прокуратурасы мүгедек-балаларға арналған қаражаттың жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көкшетау қаласының прокуратурасы «Artsport» және «DamuBala» бағдарламалары аясында балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын анықтады, - делінген ақпаратта.
Атап айтқанда, Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстардың актілерін ұсынды.
Осыған орай, қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті
Келесі жаңалық
Ақтөбе өңірінде биыл 23 медициналық нысан бой көтереді