Көкшетауда көшеде тұрған вагон өртеніп кетті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
09.05.2024 19:00
823
Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин көшесі бойында жеке тұрған вагон өртенді. Оқиға бүгін 9 мамыр сағат 17.29-де болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызыл жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 7 құтқарушы және 1 техника жөнелтілген.
Өрт сағат 17.37-де оқшауланып, сағат 17.46-де толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада соғыс ардагеріне арнап мемориалдық тақта ашылды