Көкшетауда батут орталығынан 60 адам эвакуацияланды
Бүгін, 7 қаңтарда, сағат 16:54-те Көкшетау қаласында Абай көшесіндегі батут орталығының сауна үй-жайындағы 60 шаршы метр алаңда өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 17:30-да оқшауланып, 17:53-те жойылды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баспалдақ маршымен қызмет көрсету персоналмен 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 22 бала, өрт сөндіру бөлімшелерімен 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 бала бар. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 31 адам және 9 техника шыққан болатын.
Ақмола облысының ТЖД өрт шыққан жағдайда “101” немесе “112”нөмірі бойынша дереу хабарлау қажеттігін еске салады.