Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің 9 қарашадағы өкімімен Президент Әкімшілігінің және жергілікті мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін атап өтті. Кездесу соңында аймақ басшысы облыс орталығының жаңа әкіміне қала тұрғындарының игілігі үшін барлық тапсырмаларды табысты жүзеге асыруды жүктеді.
Әнуар Қайыргелдіұлы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "экономика бакалавры" біліктілігі бойынша бітірген. 2007 жылы Ұлыбританиядағы Брэдфорд университетінде Экономикалық саясат магистрі дәрежесін алды. "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі.