Жаңалықтар

Көкшетау мектептерінде алкогольге тәуелді күзетшілер жұмыс істеген

Көкшетау мектептерінде алкогольге тәуелді күзетшілер жұмыс істеген
Фото: © Pixabay.com 08.02.2024 23:31 844

Көкшетау мектептерінде «Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы» диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер жұмыс істеп келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қалалық прокуратура мен Ақмола облысының Полиция департаментінің бірлескен тексерісі кезінде анықталды.

Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды, - делінген прокуратура таратқан мәліметте.

Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға