Жаңалықтар

Көкшетау мектебінде бір топ оқушы қысылып, тапталып қалды

Көкшетау мектебінде бір топ оқушы қысылып, тапталып қалды
Фото: Видеодан кадр 08.09.2023 12:09 1503

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада балалардың еденге құлап, тұра алмай жатқанын, кейбірі мүлде қозғала алмай, қысылып қалғаны көрсетілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының білім басқармасы аталмыш жағдайдың Көкшетау қаласындағы N1 мектеп-гимназиясының дәлізінде болғанын мәлімдеді.

"Ақмола облысының білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізді. Бұл факті сабақ аяқталған соң оқушылардың барлығы бір уақытта сыныптан шыққан кезде болған. Мектеп әкімшілігі сабақ кестесін түзетіп, әр сыныптың аудиториядан шығатын уақытын белгіледі. Оқушылардың үзіліске шығуы және сабақтан шығуы қадағаланады. Уақытында тиісті шара қолданбаған мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға