Жаңалықтар

«Көкпек-Кеген-Түп» республикалық тасжолын су басты

«Көкпек-Кеген-Түп» республикалық тасжолын су басты
Фото: Видеодан кадр/қазавтожол 16.07.2024 23:12 807

2024 жылғы 16 шілдеде сағат 16:00 шамасында «Көкпек-Кеген-Түп» республикалық маңызы бар автожолының (ІІІ санат) 33-41 шақырымында қатты жауын салдарынан жолды төрт жақтан су басты, оның ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 8-10 см құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Жақын маңда Ұзынбұлақ ауылы орналасқан. Бұл жол учаскесінің екі жерінде жұмыс істеп тұрған су өткізгіш құбырлары бар.  

Қазіргі таңда "ҚАЖСервис" ЖШС Алматы облыстық филиалының мамандары жасақталып, суды ағызу және уақытша жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Аталған шараға 5 бірлік техника мен 8 адам жеке құрамнан жұмылдырылды. Сағат 19:30-ғы жағдай бойынша су тасқыны тоқтады. Жол қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Кезекшілік орнатылды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға