Жаңалықтар

Көкпаршылар келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатыса ма?

Көкпаршылар келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатыса ма?
Фото: ©El.kz/Миражан Махан 13.09.2024 17:00 489

Көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев ойын әділетсіз өтті дегендерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ойын барысында түрлі жағдайлар орын алады. Біздің жігіттерде мынандай қасиет бар. Ойында төреші фиксация жасамаса олар айтпайды. Біздің де жігіттердің қолынан ұрып жатқан кездері болды. Ешкімге ештеңе айтқан жоқ, - деді бас бапкер Ақылбай Манкеев.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің келесі Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама қатыса ма? деген сауалына да жауап берді.

Бұйырса, қатысады. Бір адамға бір адам қамшы сілтеді екен деп мемлекеттің арасын бұзып жіберуге болмайды, - деді бас бапкер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға