«Көкөніс» әлде «Көгөніс»: Министр қазақ әдебиетіндегі сөздік қате емесін айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақ әдебиеті кітабындағы «көгөніс» деген сөзге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет брифингінде БАҚ өкілі келтірген аргумент бойынша, мектеп бағдарламасындағы қазақ әдебиеті кітабында «көгөніс» деп жазылған. Осыған байланысты журналист министрден «көкөніс» сөзі қалай дұрыс жазылады?» деп сұрады.
«Көкөніс» сөзі «г» әрпі арқылы жазылады», - деп жауап берді министр.
Журналист «Орыс сыныбында оқитын 5-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі әдебиеті оқулығында «көгөніс» деп жазылған. Жаңа ғана өз сөзіңізде қазақ тілінен емтихан енгізілетінін айттыңыз. Бірақ сіздер бір ғана қарапайым сөздің дұрыс жазылуы қалай болу керек екенін анықтап алмадыңыздар. Ана тілі басқа оқушылар үшін қазақ тілін қалай үйретпекшісіздер?», деп нақтылады.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты бар. Онда жұмыс істейтін ғалымдар қай сөздің қалай жазылуына байланысты шешімдер қабылдап отыр. Сіз айтқан оқулық сараптамадан өтті. Бұдан бөлек ол лингвистикалық сараптамадан да өтеді. Сондықтан қазақ тіліне қатысты өзгерістер тиісті мемлекеттік органдардың талдауынан өтуі тиіс. Бұл мәселені институттан қосымша анықтай аламыз. Жаңа ережеге сәйкес «көкөніс» емес, «көгөніс» деп неге жазылатынын қосымша түсіндіре жатар, - деді Ғани Бейсембаев.