Жаңалықтар

Көк түтінге тұншыққан Атырауға қатысты министр үн қатты

Көк түтінге тұншыққан Атырауға қатысты министр үн қатты
05.04.2023 09:47 668

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова соңғы күндердегі еліміздің батысындағы Атыраудағы көк түтінге қатысты үн қатты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

3 сәуірде Атырау облысында бірнеше штаттан тыс оқиға, соның ішінде «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыстың өртенуі, Атырау мұнай өңдеу зауытының түтіндеуі мен "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС-да факелде газ жағу орын алды. Сол күндері орын алған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен желдің болмауын қоса алғанда күрделі экологиялық жағдай қалыптасты, - деп жазды министр.

Оның айтуынша,  қазіргі уақытта екі кәсіпорынға қатысты тексеруді прокуратураға тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Екі факті бойынша мән-жай анықталады.

Бір айта кететін жәйт, кәсіпорындардың, әсіресе Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және факелде газды жандыру жүйелі түрде тіркелуде. Былтырғы жылы жылы тиісті экологиялық заңнаманы жүйелі бұзғаны үшін зауыттың экологиялық рұқсатын тоқтата тұру туралы Атырау облыстық экология департаменті материалдарды сотқа жолдаған болатын, - деді Зүлфия Сүлейменова.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп, 85 гектар аумақты шарпыған. Түтінге тұншыққан Атырау қаласының тұрғындары желіде өз шағымдарын жеткізген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға