Жаңалықтар

Клаустрофобиядан қалай құтылуға болады?

Клаустрофобия – тұйықталған кеңістікті қорқу.Осындай фобиясы бар адамдарда лифтте, шағын бөлмеде, ұшақта және т.б. жерлерде үрейлі қорқыныш басталады.
08.08.2014 03:49 8986

Клаустрофобия – тұйықталған кеңістікті қорқу.Осындай фобиясы бар адамдарда лифтте, шағын бөлмеде, ұшақта және т.б. жерлерде үрейлі  қорқыныш басталады. Клаустрофобияны оңай емдеуге болады. Емді ертерек бастасаңыз, тез жазыласыз.

Клаустрофобиядан қалай құтылуға болады?

Клаустрофобияның белгілері:

-         Жүректің тез соғуы;

-         Жиіленген дем алыс (ауаның жетіспеуі туралы ойлар);

-         Тердің тез және көп ағуы;

-         Бас айналуы мүмкін;

-         Үрейдің артуы.

Дәстүрлі медицинадағы клаустрофобияны емдеудің көпшілік мақұлдаған әдістері:

-         Дәрімен емдеу – тыныштандыратын дәрі-дәрмектер ішу, олар ауырудың жоғарыда көрсетілген физикалық көріністерімен күресуге көмектеседі;

-         Қинау - фобиясы бар адамды ол қатты қорқатын жерде қалдырады. Мақсаты: адамды фобиямен бетпе бет қалдыру, қорқыныштың негізсіз екендігін түсінсін деп;

-         Модельдеу – пациентке қинап емдеу тәсілімен емдеген адамды бақылауға мүмкіндік береді. Бұны моральдық даярлау деп атауға болады, фобиямен күрестегі алғашқы кезең.

Клаустрафобиядан өз еркімен қалай құтылуға болады?

 1.Егер фобиядан құтылғыңыз келсе, қатты ынталанғаныңыз жөн. Сондықтан да, біріншіден, фобиядан құтылуға деген ұмтылыс болу керек.  Сіз өз фобияңыздың құлы екендігіңізді мойындағаныңыз жөн. Ол сіздің өміріңіздің  барлық аспектілеріне сіңіп кетті. Сіз бір нәрсені істердің алдында немесе бір жерге барардың алдында осы фобияға құлақ асасыз. Оны Сіздің санаңызды жұтып отырған паразит ретінде абстракциялаңыз, оған деген жеккөрушілікті сезініңіз.

2.Сенім. Әрине, осы жерде көп жұмыс істеу керек. Өзіңізге деген махаббатты және өз күшіңізге деген сенімді дамытыңыз. Сіз, қалаған нәтижеге жетемін деген тілек пен сенімнің  арасында үндестікті сезгеніңіз жөн.

3.Өзіңізді тұйықталған кеңістікте немесе көп адамның арасында тұрғаныңызды елестетіңіз, - және осы фобиядан мүмкіндігінше ұзақ уақыт қорықпауға тырысыңыз. Осы арқылы сіз өз миыңызды және эмоционалды «денеңізді» жаттықтырасыз.

4. Фобиядан тез құтылу мүмкін емес, оған біраз уақыт керек. Күніне бір рет тұйықталған кеңістікте жарты минуттай қалғаныңыз жөн. Келесі күні уақытты кішкене ұзартып 45 секундқа дейін жеткізіңіз немесе тек тағы бес секунд қосыңыз. Ең бастысы ерінбеңіз. Осы соғыста демалыс болмау керек. Екі аптадан кейін, фобиямен соғыс уақыты бір жарым немесе екі минутқа жеткенде, осы жаттығуды күніне екі рет жасап көріңіз. Асықпаңыз, сізді ешкім асықтырмайды. Ең бастысы мотивацияны жоғалтпаңыз, адамның өзінді өзін тануға арналған әдебиеттерді көбірек оқыңыз.

Кеңес: «Сеанс» кезінде қорқыныш туралы ойламағаныңыз жөн. Музыканы қосып қимыл жасап, билей бастаңыз, керек десеңіз ән айта бастаңыз, бұл сізге кедергі жасамайды. Басқа нәрсені ойлай бастаңыз, фобия шегініс жасай бастайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға