Жаңалықтар

«Классик» Айдос Сұлтанғали Азия ойындарын бесінші орынмен аяқтады

«Классик» Айдос Сұлтанғали Азия ойындарын бесінші орынмен аяқтады
Фото: ©Olympic.kz/Tengrinews/Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ 04.10.2023 15:27 747

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Отандасымыз қола жүлде үшін белдесуде Солтүстік Корея балуаны Ри Се-унгпен кездескен. Бұл белдесуде қарсыласы 2:1 есебімен басым түсті. Сөйтіп, отандасымыз Азия ойындарын бесінші орынмен аяқтады.

Бұған дейін Айдос алдымен Тайпэй балуанын жеңген. Ширек финалда әлем чемпионы, ирандық Мейсам Далханидан басым түсті. Жартылай финалда жапониялық спортшыға есе жіберді.

Енді Азат Садықов (77 келі) пен Мақсат Сайлау (87 келі) қола жүлдеге таласса, 
67 келідегі Мейіржан Шермаханбет алтын медаль үшін күреседі.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға