Кісі қолынан көз жұматын әйелдердің 38% күйеуі өлтіреді

Мұны Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасына сәйкес, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық - бүкіл әлемде күрделі мәселе болып келеді және ол адам құқықтарын бұзудың таралған түрінің бірі. Әлемдегі шамамен әрбір үшінші әйел өз өмірінде зорлық-зомбылыққа тап болады, қиянатқа ұшырайды. Зорлық-зомбылықты көбінесе ер адамдар әйелдерге қатысты жасайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық балалардың психикасына, рухани және эмоциялық дамуына зиянды әсер етеді. Дүниежүзінде әйелдерді өлтіру оқиғаларының 38% (пайызын) олардың жұбайлары немесе серіктестері жасайды. Оның үстіне әр ел тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін әртүрлі шешіп келеді, бір ел үшін сәтті болған әдістер екінші әйел үшін қолайлы бола бермейді, – дейді ол.
