Жаңалықтар

Кісі өлтіргені үшін 25 жыл іздеуде болған ер адам ұсталды

Кісі өлтіргені үшін 25 жыл іздеуде болған ер адам ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 01.03.2024 14:20 663

Адам өлтіріп, 25 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік азамат Ақмола облысында ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған ер адамға 25 жыл бұрын Ресей Федерациясының Томск облысы бойынша ІІМ Басқармасы іздеу жариялаған. 1999 жылдың 12 наурызында Томск қаласында өзінің танысын өлтіріп, қашып кеткен.

Кейін оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды. Күдіктінің орналасқан жерін бірден анықтау мүмкін болмағандықтан, Ресейдің Томск облысы бойынша ІІМ Басқармасының Октябрь ауданы бойынша ІІМ Бөлімі іздеу жариялаған. Ер адам 25 жыл бойы жасырынып келді, – делінген ведомство хабарламасында.

Атбасар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ауылдардың бірінде жүрген ауыр қылмысқа күдікті ер адамды анықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға