Жаңалықтар

Кішкентай қызының арманын орындаған әке желі қолданушыларының жүрегін елжіретті

Кішкентай қызының арманын орындаған әке желі қолданушыларының жүрегін елжіретті
Фото: instagram.com/naurzalina.sh/ЖИ көмегімен жасалды 01.04.2025 16:37 1267

Әлеуметтік желіде Шолпан Наурызалина есімді қолданушы салған видео кеңінен тарап, көпшіліктің көңілінен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кадрдан әкесінің кішкентай қызының арманын орындаған сәтті көруге болады. Ер адам қызына айнасы бар кішкентай үстел мен орындық жасап берген. Томирис есімді бүлдіршін өз бұрышы болғанын қалайтынын көптен бері айтып жүрген екен. Ал арманы орындалған сәтте, қуанышын жасыра алмады. 

«Жекеменшік» қызының кішкентай арманын орындады, - деп жазды анасы.

Бұл видео оқырман қауым тарапынан қолдау тауып, мұндай сәттер баланың жадында мәңгі қалатынын жазып жатыр.

«Әкесіне жарайсың дейміз», «Әкесі бәріміздің ішімізде жатқан кішкентай қыздың арманын орындады», «Міне, осындай сәттер адам жадында мәңгі қалады», «Әке деген осындай болуы керек», - деп жазды желі қолданушылары.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ⭐ 𝓢𝓱𝓸𝓵𝓹𝓪𝓷 𝓝𝓪𝓾𝓻𝔃𝓪𝓵𝓲𝓷𝓪 ⭐ (@naurzalina.sh)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға