Жаңалықтар

«Кіршіксіз жүрегімізге кір түспесін»: Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады

«Кіршіксіз жүрегімізге кір түспесін»: Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады
Фото: Видеодан алынған кадр 12.02.2024 10:29 4312

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтаған видеосын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Индира келініміздің біздің шаңырағымызда алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы, мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын! – деп жазды продюсер.

Айдарбекова құда-құдағилармен де жолы болғанын айтты.

Кішкентайымнан туған сіңлім болса деп, есейген соң қызым болса деп армандап едім. Келін түскен сайын бар тілейтінім: адалынан болып, қызымдай болса екен. Келіндерімнің жаманы жоқ. Осыларды тәрбиелеген құда-құдағиларым да керемет кісілер. Кемедегінің жаны бір дегендей, арамыздан мысық өтпеуін тілеймін. Кіршіксіз жүрегімізге кір түспесін, – деп жазды ол.

Естеріңізде болса, жұлдызды отбасы былтыр қазан айында кенже ұлы Заңғарды үйлендірген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға