Жаңалықтар

Кирилл Герасименко үшінші Олимпиадасына барады

Кирилл Герасименко үшінші Олимпиадасына барады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 12.06.2024 13:53 1916

Үстел теннисінен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Кирилл Герасименко Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол бұл мүмкіндікке көптеген рейтингілік жарысқа қатысып, тұрақты ұпай жинау арқылы қол жеткізді. Бүгін Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған рейтингінде (ITTF) ол Азия құрлығында жолдамасы жоқ ойыншылар арасында ең жоғары орынға жайғасты.

Айта кетейік, Герасименко осымен 3-рет Олимпиадада сынға түседі. Осыған дейін Кирилл Рио мен Токиода ел намысын қорғаған. Франция астанасында спорттың бұл түрінен жарыс 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға