Жаңалықтар

Қырыққабатты жылдам әрі оңай ашыту әдісі

Қыста таптырмайтын дәрумен
Қырыққабатты жылдам әрі оңай ашыту әдісі
15.01.2018 16:02 11698

Ол үшін:

Орамжапырақ – 2 кг

Сәбіз – 1 дана

Үгітілмеген қара бұрыш – 8-9 дана

Лавр жапырағы – 2 тал

Қант – 1 шәй қасық

Тұз қалауыңызға қарай

Алдымен орамжапырақты ұзыншақтап тураймыз. Тұз сеуіп, жақсылап араластырамыз. Үстіне 1 дана сәбізді үккіштен үгіп, қосамыз. Жақсылап араластырып, лавр жапырағы мен бұрышты қосамыз. Келесі кезекте дайын болған қоспаны шыны банкаға орналастырамыз. Екі 1 литрлік немесе 2 литрлік бір банкаға салсаңыз болады. Оны патша көңіліңіз шешсін.

Орамжапырақты банкаға орналастырғанда бір нәрсені ескерген абзал! Банкаға салған сайын жақсылап басып, нығыздап орналастырыңыз. Бұл – біріншіден, сөлдің мол бөлінуіне септігін тигізсе, екінші жағынан тез жұмсарып, кітірлеуіне мүмкіндік береді. Банканы толтырғаннан кейін бөлме температурасында 36 сағат ұстаған жөн. Кейін капрон қақпақ жауып, 3 күнге салқын жерге қоямыз. 3 күн тұрғаннан кейін тұтынуға дайын. Дәмді әрі пайдалы ас.

Ашытылған қырыққабаттың денсаулыққа пайдасы

Ашытылған қырыққабат ең әуелі ішек жолдарына, ас қорыту жүйесіне өте пайдалы. Орамжапырақ А және С, В1, В2, В3, В6, К, U дәрумендеріне өте бай. С дәрумені иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін белгілігі. Ашытылған қырыққабат жегенде әйелдердің ағзасындағы жасушалар құнарланып, қайта түлейді. Сонымен қатар қырықабат йодқа бай. Жиі тұтынсаңыз қан құрамындағы холестерин қалпына түседі, түрлі ісік ауруларының алдын алады.

Қырыққабаттың сөлі арықтауға таптырмайтын өнім. Ұдайы тұтынсаңыз ішек-құрылысты, ас қорыту жүйесін тазалайды. Ал, жүкті әйелдерге токсикозбен күресуге көмектеседі.

Ашытылған қырыққабатты 1 ас қасық зәйтүн майымен араластырып жеуді ұмытпаңыз! Ашытылған орамжапырақ піскен қызылшамен жақсы үйлесім табады. Немесе гранат жемісін араластырып жеуге де болады.

Олай болса, іске сәт!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға