Жаңалықтар

Кинода жалаңаш жүрген Нұрлан Қоянбаевтың басы дауға қалды

Кинода жалаңаш жүрген Нұрлан Қоянбаевтың басы дауға қалды
Фото: Видеодан кадр 08.01.2024 18:30 4785

"Алматы" теларнасынан көрсетілген продюсер Нұрлан Қоянбаевтың  "Тайландтағы демалыс" фильмі желі қолданушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында фильмде Қоянбаевтың жалаңаш жүрген сәтін салып, сынады.

Фильмді түсіргендердің де, түскендердің де, экранға шығарып көрсеткендерге басқа сөз қалмады. “Алматы” арнасы көрсететін түк таппаған ғой, байғұстар… Тоқаев мырза, мынадай кино түсіргіштерге де, оны насихаттап таратушы телеарналар мен кинотеатрларға да қатаң шара қолданып, тыйым салыңыздар! Миллиондап айыппұл төлететін заң қабылдаңыздар!, – деп жазды журналист.

Кинода жалаңаш жүрген Нұрлан Қоянбаевтың басы дауға қалды
facebook.com/Сәуле Әбілдаханқызы

Желі қолданушылары да фильмге қатысты пікірлерін білдіріп жатыр.

"Қазақ киносының құлдырау кезеңі", "Бұларды заңмен жазалау керек", "Дәрежеміз осындайға жеткен бе?", "Өзгеріс күткеніміз ұят секілді ғой", - деп жазып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға