Үкіметте «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылданды
Mинистр Бағдат Мусин холдингті жабу туралы ұсынысын айтқан болатын
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
08.08.2022 18:19
1331
Қазақстан Үкіметі «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды El.kz
«ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин холдингті жабу туралы ұсынысын айтқан болатын.
Бөлісу:
