Жаңалықтар

Үкіметте Сауд Арабиясымен туризм, авиация салаларын дамыту мәселелері талқыланды

Премьер-Министр өткен жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасында достық және сындарлы қатынас орнағанын атап өтті
Үкіметте Сауд Арабиясымен туризм, авиация салаларын дамыту мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz 27.09.2022 17:21 1096
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан әл-Рабиамен туризм, мәдениет және азаматтық авиация салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. El.kz. Бұл туралы primeminister.kz сайты мәлімдеді.

Премьер-Министр өткен жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасында достық және сындарлы қатынас орнағанын атап өтті.

«Әлем мұсылмандары қажылық парызын өтеуді асыға күтеді. Биыл 4 мың отандасымыз да осындай мүмкіншілікке ие болды. Бұған Сауд Арабиясы басшылығының назары мен күш-жігерінің арқасында қол жеткізілді», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне белсенді қатысқаны үшін Корольдік өкілдеріне алғысын білдірді.

Үкіметте Сауд Арабиясымен туризм, авиация салаларын дамыту мәселелері талқыланды


«Елдер арасындағы ынтымақтастық кеңейіп, нығая түсетініне сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Тауфик бен Фаузан әл-Рабиа тұрақты әуе рейстерінің ашылуы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосымша серпін беретінін айтты.

«Сапар аясында мен қазақстандық әріптестеріммен бірқатар табысты кездесулер өткіздім. Тікелей тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстаннан келетін туристер мен қажылыққа барушылар санының өсуіне ықпал етеді деп үміттенеміз», — деді Тауфик бен Фаузан әл-Рабиа.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға