Жаңалықтар

Үкімет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді

Жол апаттары жиі болатын учаскелердегі қозғалысты қадағалау күшейтіледі
Үкімет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді
Фото: Үкімет 04.10.2022 11:27 854

​​ҚР Премьер-Министрі Үкімет отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды El.kz 

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп жол апаттарының көбеюіне қатысты жан-жақты талдау жүргізуі тиіс. Жол апаттары жиі болатын учаскелердегі қозғалысты қадағалау жұмыстарын күшейту қажет. Тиісті іс-шараларды әзірлеп, оны дайындалып жатқан Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамаға енгізу керек.  

Әкімдіктер қауіпсіз жол инфрақұрылымын жасау бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс. Жолдағы камераларды көбейту қажет.  

Индустрия министрлігі көлік құралдарын техникалық тексеру сапасын тиімді бақылау тетігін жасауы қажет.

Әділет және Ішкі істер министрліктері сапасыз жүргізушілерді даярлайтын автомектептердің жауапкершілігі мәселесін қарауы керек. Жол жүру ережелерін жиі бұзатын адамдарға жазаны күшейту қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға