Жаңалықтар

Кім итерді? Кім түртті? Кім ұрды?

Кім итерді? Кім түртті? Кім ұрды? – қазақ балаларының дәстүрлі ойыны.
29.09.2015 09:05 6166

Кім итерді? Кім түртті? Кім ұрды? – қазақ балаларының дәстүрлі ойыны.

Кім итерді? Кім түртті? Кім ұрды?

Бұл  ойының  атауы әр түрлі болғанымен ойналу принципі мен жеңілген балаға тағайындалатын «ойын» түрі бірдей. Бір-бірінен айырмашылығы ойынды басталарда ортаға шығатын ойыншыны таңдау жағы ғана өзгеше. 1920 ж-дың мамыр- қыркүйек айларында Торғай, Орал облысы қазақтары 33 түрлі ойын арасынан жазылып алынған мәтінде бұл ойындардың сипаттамасы толық берген. Бұл ойындарға негізінен 9-11 жас аралығындағы 10-15 бала қатысады. Таңдалып алынған ойын бастаушы ойынды жүргізіп тұрады. Мұның «кім түртті?» деген нұсқасында ойынға тек ұл бала ғана қатысады деген.

«Кім итерді?» деген нұсқасында ойын бастаушысы қатысушыларды бір-бірден тұрғызған кезде, кімнің тізесі сықырласа сол ортаға шығады. Ал, «кім ұрды» деп аталатын нұсқасында ойын басталысымен асық иіріледі. Иірілетін асық саны ойынға қатысушылардың санынан біреуге кем болады. Сөйтіп, иірілген асықты балалар жапатармағай таласып бір-бірден ғана алған кезде асық жетпей қалған біреу ортаға шығады. Осылайша нағыз ойын қыза түседі.

Сөйтіп, «айыпты» болған ойыншы көзін матамен байлап ортаға шығады. Ойын бастаушы оның басын төмен қарай тұқыртып, ұстап отырады. Ал, ойыншылар оның ту сыртынан ақырын білдірмей, сыбдыр сездірмей келіп саусағымен түртеді, жұдырықпен итерді, нұқиды немесе түйілген орамалмен ұрады. Ойынның түрлі нұсқалары осыған байланысты аталған деуге негіз бар. Содан кейін «айыпты» баланың басын көтереді. Сол кезде ойыншылар күлмен сыр білдірмей, жұдырықтарын түйіп тұрады. Ал, «айыпты» өзін кім нұқығанын немесе ұрғанын дәл табуы керек. Мұндайда баланың аңғарылпаздығы мен түйсігі көмектесуі тиіс. Егер кім оны «жазалағанын» дәл тапса, сол ұрған (түрткен) бала ортаға шығып «айыпты» болады. Әйтпегенде қашанғы дәл тапқанша сол бала «жазалана» береді. Мұндада келемеждеп қытықтау, сипау немесе түйілген орамалмен қатты ұру, әзілге ажуығы айналдыру жайттары болып тұрады.

Ойынның түрлі нұсқаларында алдын ала келісілген ойын ережесі бойынша, қатарынан бірнеше мәрте кім ұрғанын (түрткенін) таба алмаса оны ортаға шығарып басқаша жазалайды. Онда ән айту, ұнатқан қызын немесе қыздарға жігітті бетінен сүю сияқты ойынды ширықтыра түсетін жақтары қарастырылады.Үлкендеу балалар немесе бозбалалар ойнағанда ойынның әзіл, әжуа жағы басым болады. Ал, жас балалар ойнағанда қатты ұру, денесін ауырту, қорлау сипаты орын алса, «айыпты» бала ызаланып ойыннан бас тартуы мүмкін. Жас балалар жылауға дейін барады, оған «ойнап түртіп жыласаң, басың таз болады» деп қорқытады немесе «қорқақ» деп мазақтайды. Бұл ойын тойларда, көп жиналған кезде көңіл көтеру үшін орын алады. Мәні қырағы, алғыр, сұңғыла және сезімтал болуға бұзылудан туған деуге болады.


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға