Жаңалықтар

Киіз үйде ұлттық киіммен жартылай жалаңаш билегендер жұрттан сөз естіді

Киіз үйде ұлттық киіммен жартылай жалаңаш билегендер жұрттан сөз естіді
Фото: коллаж El.kz 18.06.2024 14:03 3690

Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде ұлттық киім киіп, жартылай жалаңаш билегендердің видоесы тарады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Видео қазақстандық блогер, биші Әлішер Сұлтанбекұлының Instagram-парақшасында жарияланды.

Кәсіби бимен айналысамын. Мұны шығармашылық деп түсініңіздер! Қарапайым адамдар мен шығармашылықпен айналысатындардың арасы жер мен көктей. Олар біздің ойлау жүйемізді түсінбейді. Сосын жаман сөздер жазып, балағаттайды. Менің ойым салт-дәстүрімізді қорлау емес, оның таным-түсінігін кеңейту, – деді Әлішер Сұлтанбекұлы. 

Ал желі қолданушылары «Ұлттық дәстүрімізді қор қылды-ау», «Феминизмді насихаттап тұр», «Ұлттық киімге осындай қарым-қатынас жасағаны үшін айыппұл салынуы қажет!», «Не істесеңіздерде өз еріктеріңіз! Бірақ, киіз үй мен ұлттық киімді қорламаңыздар!», деп жазды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға